
2025 жылғы 13 қарашада Астана қаласы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2025 жылғы 15 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген этика жөніндегі уәкілетті тұлғалардың үлгілік жұмыс жоспарының 2.4 және 2.8-тармақтарын орындау мақсатында Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қоғамдық қорының дінтанушы-лекторы Дәрібай Мұратбек қызметкерлер үшін «Заманауи діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізді. Қосымша ретінде департаменттің этика жөніндегі уәкілетті тұлғасы қызметкерлермен іскерлік этикетті сақтау және ресми мінез-құлық қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.