
2025 жылғы 6 қарашада «АМАНАТ» партиясының Астана қалалық филиалында мүгедектікті анықтау, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, еңбек өтілін растау тәртібі мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өтті. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы мен басшысының орынбасары Д.Т.Садвокасова мен Л.Е.Сартымбетова азаматтарды қабылдауды жүргізді; 5 азаматқа кеңес берілді.