«Ұстаздық – жүректен берілетін қасиет»

«Ұстаздық – жүректен берілетін қасиет»

2025 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінде Ұстаздар күніне арналған іс-шара өткізілді.

Іс-шара аясында департаменттің ардагері, қазіргі таңда Астана медицина университетінде дәріс беріп жүрген ардагер ұстаз — Омарова Айткүл Батталқызымен кездесу ұйымдастырылды. Ол 2002–2018 жылдар аралығында департаментте бас маманнан бастап, басшылық қызметке дейін еңбек еткен. Ұстаздық — ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын қасиетті жол. Айткүл Батталқызы – өзі де білікті ұстаздың қызы. Анасының парасаты мен өнегесін жалғаған, шәкірт жүрегінен орын тапқан ардақты жан. Білім мен тәрбиеге өмірін арнаған қос ұстаз – ұлт келешегіне сіңірген еңбегімен ерекшеленеді. Білім мен парасаттың шамшырағы болғаныңыз үшін алғысымыз шексіз! 

Ұстаздар күні құтты болсын!