03.10.2025 жылы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті ғимаратында «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-мен әлеуметтік қызметтер порталының сапалы жұмысы, абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау, жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу, сондай-ақ Астана қаласы тұрғындарының «Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» ӘҚКО МКҚК-да арнаулы әлеуметтік қызметтерін алуға кезектілік туралы мәселелер бойынша «әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» конкурсын өткізу бойынша кеңес өтті.
Кеңеске департамент басшысы Д. Т. Садвокасова және Департамент қызметкерлері, сондай-ақ «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы И. В. Скуб қатысты.