«Үздік әлеуметтік қамсыздандыру қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» ұлттық байқауы басталды

«Үздік әлеуметтік қамсыздандыру қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» ұлттық байқауы басталды

Қазақстан Республикасында жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде «Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері күні» атап өтіледі. Байқау әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамытуға және ел тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға елеулі үлес қосып жүрген үздік мамандар мен инновациялық бастамаларды анықтау және марапаттауды көздейді. Басты мақсат – әлеуметтік жұмыс мамандығының беделін арттыру, озық тәжірибені енгізуді ынталандыру, әлеуметтік қызметтерді көрсетудегі озық тәжірибені тарату.

Байқау әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттарын қамтитын жеті номинация бойынша өткізіледі. Біздің Әлеуметтік қамсыздандыруды реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Үздік медициналық-әлеуметтік сарапшы» және «Үздік мемлекеттік әлеуметтік инспектор» номинациялары бойынша қатысады.

Қазақстан Республикасындағы мүгедектер Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен бостандықтарының толық спектріне ие. Департаменттің Медициналық-әлеуметтік сараптама қызметі тексерілетін тұлғаның дене функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған, мүгедектік пен еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілей отырып өмірлік іс-әрекетінің шектелуін бағалауды, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін анықтауды жүргізеді. Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрі дұрыс баға мен қабылданған шешімдерге байланысты. Сондықтан медициналық-әлеуметтік сараптама қызметі қызметкерлерінің біліктілігі өте маңызды. Байқауға қатысу медициналық-әлеуметтік сараптаманың үздік сарапшыларын анықтауға көмектеседі.

Департаменттің Халықты әлеуметтік қорғауды бақылау бөлімшесі мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттiк әлеуметтiк инспектордың негiзгi мiндетi – әлеуметтiк жағынан осал азаматтардың өмiр сүру сапасын жақсарту және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi шараларды қабылдау. Бұған халықтың әлеуметтік қорғау жүйесіне деген сенімін арттыру, құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу, арнайы қызметтерді мақсатты және тиімді көрсетуді қамтамасыз ету кіреді.

Сондай-ақ биылдан бастап әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында әлеуметтік төлемдерді уақытылы және дұрыс тағайындау, мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді алушыға уақытылы және толық аудару бөлігінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың жаңа бағыты енгізілді. Бақылау субъектілері «ГФСС» Акционерлік қоғамы филиалдары және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» Акционерлік қоғамы.

Сондықтан байқауға біздің 3 үздік әлеуметтік инспекторымыз қатысады. Дауыс беруге белсене қатысуларыңызды сұраймыз.