2025 жылғы 11 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.Д. Жолдаспаева "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ Астана қаласы бойынша Мемлекеттік корпорациясы филиалының бэк-офисінің басшысымен семинар-оқыту өткізді. Кездесу барысында зейнетақы, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердың сапасын арттыру және уақытылы көрсетілу мәселелері қаралды. Оқытуға "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ Астана қаласы бойынша 7 қызметкері қатысты.