Қазақстан Республикасында қазан айының соңғы жексенбісінде «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні» мерекесі аталып өтеді. Байқау халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға және өмір сүру сапасын арттыруға елеулі үлес қосып жүрген көрнекті мамандар мен инновациялық бастамаларды анықтау және ынталандыруға бағытталған. Негізгі мақсат – әлеуметтік қызметкерлер мамандығының беделін арттыру, озық тәжірибені енгізуді ынталандыру және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы озық тәжірибені тарату.
Байқау әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттарын қамтитын жеті номинация бойынша өткізіледі:
- «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының үздік әлеуметтік қызметкері»;
- «Үйде күтім көрсету ұйымының үздік әлеуметтік қызметкері»;
- «Үздік мемлекеттік әлеуметтік инспектор»;
- «Үздік медициналық-әлеуметтік сараптама қызметкері»;
- «Үздік әлеуметтік педагог» (арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде);
- «Еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығы) үздік қызметкері»;
- «Үздік әлеуметтік жоба».
Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар конкурстық өтінімді, презентация материалдарын және жұмыстары немесе жобасы туралы қысқаша бейнероликті дайындауы керек.
Өтінімдерді 2025 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында www.qamqor.enbek.kz онлайн платформасы арқылы беруге болады.
Байқау екі кезеңде өтеді: облыстық және республикалық. Арнайы комиссия ашықтық пен объективтілік қағидаттарын сақтай отырып, бірнеше номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Сонымен қатар, электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, платформада қоғамдық онлайн дауыс беру жүргізіледі. Оның нәтижелері жеңімпаздарды таңдау кезінде ескеріледі.
Сонымен қатар, байқау аясында «Әлеуметтік қызметкердің бір күні», «Мейірім шуағы», «Әлеуметтік идея» және «Әлеуметтік қызметкерге алғыс» тақырыптарында #Әлеуметтікфлешмоб, #СоциальныйФлешмоб біртұтас хэштегімен бірқатар әлеуметтік челлендждер жүргізіледі.
Байқау нәтижелері Әлеуметтік қызметкерлер күні қарсаңында – 2025 жылғы 24 қазанда Астана қаласында өтетін марапаттау рәсімінде жарияланады.
Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті республикалық байқауға белсенді түрде қатысып, келесі номинациялар бойынша бақ сынайды: «Үздік медициналық-әлеуметтік сараптама қызметкері» және «Үздік мемлекеттік әлеуметтік инспектор».