01.01.2026 ж. дейін қолданыста болатын Қазақстан Республикасының Салық кодексіне 2025 ж. 15 шілдеде енгізілген өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 346-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар (мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалардың ата-аналары (қамқоршылары), ұрыс қимылдарының қатысушылары және т.б.) үшін біржолғы зейнетақы төлемдері (бұдан әрі - БЗТ) түріндегі табыстарға стандартты салықтық шегерімдерді қолдануға талап қоюдың ескіру мерзімі 5 жылды құрайды.
01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне сәйкес аталған тұлғалар үшін БЗТ түріндегі табыстарға стандартты салықтық шегерімдерді қолдануға талап қою мерзімі 3 жылды құрайтын болады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Салық кодексі 01.01.2026 ж. бастап күшін жоятынын назарға ала отырып, егер Сіз 2021-2022 жж. БЗТ алған болсаңыз және Салық кодексінің 346-бабының 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына жататын болсаңыз және стандартты салықтық шегерімді қолданбаған не толық көлемде қолданбаған (салық заңнамасында белгіленген шектерде, оның ішінде табыстың басқа түрлері бойынша) болсаңыз, Сізге:
Толығырақ: https://www.enpf.kz/ru/services/tax/57500/.
Сұрақтар туындаған жағдайда Сіз 8 (727) 356 10 60 (қалааралық және халықаралық қоңыраулар), 1418 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) нөмірлері арқылы Байланыс орталығына хабарласа аласыз.