Ата Заң күні қарсаңында департаменттің басшысы Садвокасова Д.Т.мен басшысының орынбасары Сартымбетова Л.Е. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барып, департаменттің қызмет бағыттары мен жетістіктері туралы семинар өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға департамент көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Оларды алу тәртібі, көрсетілу мерзімдері және өтініш берудің қолжетімді тәсілдері, соның ішінде электрондық сервистер түсіндірілді. Азаматтар үшін өзекті мәселелерге және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған шараларға ерекше көңіл бөлінді.
Сондай-ақ кездесу барысында департаменттің Этикалық кодексі таныстырылды. Қатысушыларға кәсіби әдеп нормалары, азаматтармен қарым-қатынас мәдениеті және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық қағидалары түсіндірілді. Этикалық кодекстің негізгі мақсаты – қоғамның сенімін нығайту және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру екені атап өтілді.
Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Кездесу жылы әрі достық көңіл-күйде өтіп, аға буынға құрмет пен қамқорлықтың маңыздылығын айқындады.