2025 жылғы 6 тамызда Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы Д.Т. Садвокасова және басшының орынбасары Л.Е. Сартымбетованың қатысуымен брифинг өтті. Брифингке қатысушылар Департамент қызметінің негізгі бағыттары туралы: зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және медициналық-әлеуметтік сараптама бойынша 2025 жылдың 1 жарты жылдығын баяндады. Сондай-ақ барлық сұрақтарға жауап берілді.