2025 жылдың 1 шілде сағат 10.00-де АҚ Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясының мәжіліс залында тауарлы газ бағасына байланысты жұмыс тобының түсіндіру жұмысы өткізілді.
ҚР Энергетика вице-министрі Арымбек Құдайберген Берікұлы, «QazaqGaz AIMAQ» АҚ бас директоры Асқаров Бауыржан Бекзатханұлы, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Салимов Жандос Нұржанұлы, ҚР Энергетика министрлігінің газ өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Қошқаров Ержан Жетпісұлы, «QAZAQ GAZ» АҚ баға саясаты және мониторниг департаментінің директоры Ешмұхан Нұрсұлтан Дәуренұлы, Астана қаласының Энергетика басқармасы басшысының орынбасары Есмагулов Мақсат Қайыркешұлы түсіндіру жұмыстарын өткізді. Жиынға Астана қаласы мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, газ таратушы мекеме басшылары, жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысты.
АӘК және тұрғын үй көмегін алатындарға берілетін жеңілдіктер туралы «QazaqGaz AIMAQ» компаниясының басшысы айтып өтті. Кездесуге Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Садвокасова Дамежан Толеубаевна қатысты.