24.06.2025 жылы ДКК медициналық ұйымдарының басшылары мен төрағаларының қатысуымен Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасымен бірлескен семинар-кеңес өткізілді.
Департамент басшысы Д.Т. Садвокасова Астана қаласындағы мүгедектіктің статистикалық деректері, мүгедектікке алғашқы шығу көрсеткіштерінің артуы және қайта куәландыру нәтижелерінің көрсеткіштерінің төмендеуі туралы баяндады. Проблемалық мәселелерге баса назар аударылды: мүгедектіктің алдын алуды арттыру, медициналық оңалту іс-шараларын күшейту.
Медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз бағыттар туралы баяндалды, нақты жағдайларға талдау жүргізілді, сондай-ақ сырттай-проактивті куәландыруға жіберу мәселелері, практикалық ұсынымдар берілді.
Осы қызметті регламенттейтін заңнама нормаларына енгізілген жаңалықтармен танысу жүзеге асырылды.
Сұрақ-жауап форматы жүзеге асырылды.