Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Kомитетінің Астана қаласы бойынша департаменті Есіл ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп «азаматтарды қабылдау» акциясына қатысты.
Іс-шара барысында тұрғындарға ыңғайлы жерде (Mega Silk Way сауда орталығы) көшпелі қабылдау өткізіліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік қорғау саласы бойынша түсіндірмелер берілді. Бұл шараның мақсаты азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың мәселелерін шешу, сондай ақ заңдылық пен құқық тәртібін ңығайту.