ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. К. Жақыпованың 04.06.2025 ж. хаттамалық тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен, 10.06.2025 ж. мемлекеттік қызметшілердің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" және "PK мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі" PK заң нормаларының талаптарын сақтауын, мемлекеттік қызметшілердің заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеуін талқылау мәселесі бойынша семинар өткізілді.
Медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері, азаматтардың өтініштерін қарау кезінде заңнама нормаларын сақтау, көрсетілетін қызметті алушыларға қатысты дөрекілік фактілеріне жол бермеу мәселелері талқыланды.