Астана қаласы Дін істері басқармасымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, «Жұмысшылар жылы» аясында, 2025 жылдың 30 мамырында, «Сәдуаққас қажы Ғылмани» мешітінде жұмыссыз азаматтарға арналған жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде Департамент басшысы Д.Т.Садвокасова зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама, міндетті әлеуметтік сақтандыру, көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша кеңес (консультация) берді.