Әлеуметтік қызметтер үйінде Алматы қаласы бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің бастамасымен арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдармен, оның ішінде үкіметтік емес сектор өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесуде ұйымдардың қызметін лицензиялау мәселелері, сондай-ақ халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қалалық инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Іс-шараға Департамент басшысы Мұратбеков М.Т., Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілдері Нусупова А.Б., Медициналық-әлеуметтік мекемелердің басшылары, сондай-ақ арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Кеңес барысында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау тәртібі бойынша өзекті мәселелер қаралды. Қатысушылар қолданыстағы талаптарды және лицензиялау рәсімінен өту кезінде туындайтын қиындықтарды талқылады.
Кеңесте жеке блок ретінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді орта қалыптастыру мәселесі қарастырылды. Қалалық ортадағы инфрақұрылымдық кедергілерге байланысты негізгі мәселелер аталып өтіліп, оларды шешу жолдары ұсынылды. Әлеуметтік, көлік және қоғамдық инфрақұрылым нысандарын бейімдеуге қатысты қолданыстағы және жоспарланған шаралар таныстырылды.
Талқылау барысында барлық қалалық орта нысандарына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығы атап өтіліп, азаматтық қоғам өкілдерімен ашық диалог жүргізуге дайын екендіктері білдірілді.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы өзара іс-қимылды жалғастыру, сондай-ақ Алматы қаласындағы әлеуметтік инфрақұрылымды іске асыру мәселелері бойынша тұрақты жұмыс кездесулерін өткізу қажеттігі туралы келісімге қол жеткізілді.