Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің №2 МӘС бөлімі мемлекеттік қызмет алу сапасын жақсарту барысында 27.03.2025ж ТОО «ЛДЦ АзияМед» медициналық орталығының ДКК меңгерушісімен, бөлім меңгерушілерімен, эксперт дәрігерімен, жеке мамандармен және жалпы тәжірибелік дәрігерлермен жиналыс өткізді. Жиналыс мақсаты дәрігерлерді «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 4.03.3024ж №62 бұйрығымен толық таныстыру. Сараптамаға негізсіз жолдамалардың санын азайту мақсатында ДКК төрағасына қадағалау жұмыстарына назар аудару тапсырылды.