19 наурызда Әлеуметтік қызметтер үйінде басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарына қатысушылардың қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.
Кездесу Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына арналған айлық аясында ұйымдастырылды. Отырысқа Алматы қаласының мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты: Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, Еңбек ұтқырлығы орталығы. Зейнетақы және әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар беру, демалыс күндеріне материалдық көмек төлеу, санаториялық-курорттық емдеу мәселелері және т.б.