№ 260 бұйрық  29.06.2023жылғы  «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары» тақырыбында жиналыс өткізілді

№ 260 бұйрық  29.06.2023жылғы  «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары» тақырыбында жиналыс өткізілді

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің  №2 МӘС бөлімі мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту мақсатында 01.11.2024ж  ҚДСБ ШЖҚ «Алатау» қалалық емханасы КММ-інде № 260 бұйрық  29.06.2023жылғы  «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары» тақырыбында жиналыс өткізді. МӘС-ке 031/у нысанын толтыру кезіндегі ақаулар және қателіктер мысалдары, сондай-ақ негізгі диагнозды толтыру кезінде  функционалдық бұзылыстың ауырлық дәрежесін көрсету, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде мәселелер қарастырылды. Барлық қойылған сұрақтарға түсініктеме берілді. Жиналыс қортындысы бойынша, жаңа ережелерге сәйкес көзбе- көз және сырттай- проактивті куаландыруға негізді жіберу және бақылауды күшейту ұсынылды.