01.01.2024 ж. бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген азаматтарға арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

01.01.2024 ж. бастап  зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген азаматтарға  арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

55 жасқа толған (және одан жоғары) зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін (жұмыс істеген), олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген адамдар үшін. Арнайы әлеуметтік төлемдерді (бұдан әрі - АӘТ) тағайындау құқығы көзделген. Арнайы әлеуметтік төлемдерді зиянды еңбек жағдайларында жұмысы тоқтатылған немесе зиянды факторлардың әсері болмайтын немесе еңбек шарты бұзылған жағдайда төленеді.

         Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндер үшін- 4 төлем көзі анықталған. Біріншісі, мемлекет тарапынан, яғни төлеу көзі  республикалық болып айқындалды. Төлеуге арналған сома  ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде - 86 мың теңгеден сәл артық. Екіншісі, сақтандыру компанияларынан төленеді. Төлеуге арналған соманың мөлшері  ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген мөлшерінде немесе 43 407 теңге. Үшіншісі, ортақ жауапкершілік шеңберінде жұмыс берушілер  ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген мөлшерінде төлем жүргізеді. Төртіншіден, қызметкерге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен міндетті зейнетақы жарналарын пайдалану құқығы беріледі.

        Арнайы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін жұмыс істейтін азаматтар мекемелер мен  кәсіпорындардың кадр қызметіне өтініш жасайды.

         55 жасқа толған (және одан жоғары) уақытта зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істемейтін, бірақ 7 жыл ішінде МКЗЖ аударылған адамдар арнайы әлеуметтік төлемді 2 көзден: республикалық бюджеттен және БЖЗҚ-дан алуға құқылы.

          Мұндай адамдар арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ ХҚКО бөлімшелеріне жүгіне алады.

           Бұл төлемдер зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылатын болады.

          Бүгінгі таңда Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің  Алматы қаласы бойынша Департаментімен 100-ден астам азаматтарға зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген адамдар үшін арнайы әлеуметтік төлемдер тағайындалды.

        Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген адамдар үшін арнайы әлеуметтік төлемдердің енгізілуіне байланысты ауқымды ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

       Мысалы, Алматы қаласының еңбек ұжымдарымен, мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлерімен 40-тан астам кездесу ұйымдастырылды, мысалы:  "Рахат" АҚ, "Бахус" АҚ, "Алматы Су" АҚ, "Эйр Астана" АҚ, "Колор-К" ЖШС, "Пивзавод", "Медаспап оптика", "Қазферросталь" ЖШС," Алматытеплоэнерго", ҚР Ұлттық пульманология орталығы, № 1 емхана, "Темір Бетон"ЖШС , "Әуежай" АҚ, "Tarlan Aoro ground seruces" ЖШС, "Базис" АҚ, "Алматы электр станциялары" АҚ: ЖЭО-1,ЖЭО-2,ЖЭО-3, Қапшағ.ГЭС, Каскад ГЭС, БТК, пр, ЦПВТ (конференцияға ЗУМ арқылы 30-ға жуық абоненттік құрылғы қосылған), "СЖС Қазақстан" ЖК ЖШС,ППЖТ-1 ЖШС, Алматы Метроқұрылыс, АЗТМ АҚ, АЛПРОФ ЖШС, "Алатау Жарық" компаниясы, "Метрополитен" КМК және т. б.

         Бұқаралық ақпарат құралдарында: Алматы қаласы әкімдігінің өңірлік коммуникация және байланыс Орталығында баяндама жасалды, "Игілік" журналы, "Qasaq Gazetteri", "Алматы ақшамы", "Vecher.kz" газеттері, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар: инстаграмм, Facebook. "ZOOM" платформалар мен  Сайттарда тікелей эфирлер ұйымдастырылды. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру тәсілдерін жетілдіру бойынша дөңгелек үстелдерге қатысты.

           Бұл жұмыс осы бағытта жалғасын табуда.