№5 ОҚКШ ШЖҚ МКК - де кеңес өткізілді

№5 ОҚКШ ШЖҚ МКК - де кеңес өткізілді

Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің №1 МӘС бөлімімен, 12.04.2024ж күні, №5 қалалық клиникалық емханасында, емхана Директоры Толегенова С. У., №5 ҚКЕ бақылау кеңесінің төрағасы Садыков Б. Н, емхана бойынша директордың орынбасары Абрахманова А.Ж. және бөлім меңгерушілері дәрігерлерімен жиналыс өткізілді. №1 МӘС бөлімінің 2024 жылдың 1 тоқсандық жұмысына талдау айтылды, жұмыс жасайтындар және жұмыс жасамайтындар арасындағы біріншілікті мүгедектікке шығудың негізгі көорсеткіштері айтылды, №5 ҚКЕ негізсіз жіберген 031/у формаларына мысалдар келтірілді және де МӘС бөліміне кемісті толтырылған барлық 031/у формаларына талдау жүргізілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша, сырттай куәландыруға 031/у формасының негізді және сапалы толтырылуын қадағалауды күшейту ұсынылды.