Мемлекет басшысының «Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру туралы» тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау жүзеге асырылады.
Арнаулы әлеуметтік төлемдерді енгізу нормасын түсіндіру үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментімен қала кәсіпорындарының ұжымдарында кездесулер мен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылғы 29 наурызында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы бойынша "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ-ның, Алматы қаласы бойынша "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ның, «МАК» ӨСК» АҚ, Еңбек мобильділігі орталығының, Алматы қаласы еңбек инспекциясының өкілдерінің қатысуымен бірге Алматы онкология орталығының қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Отырысқа қатысушылар зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін (жұмыс істеген) 55 жасқа толған (және одан жоғары) адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау және олар үшін жұмыс беруші міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеген жағдайда, жалпы алғанда кемінде 84 ай болғанда төлем алуға құқығының бар екендігі және арнаулы әлеуметтік төлем зейнетақы жасына жеткенге дейін төленетіндігі туралы хабардар етілді.
Баяндамалар соңында кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.