
2024 жылдың 19 наурызында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы мен бас маманы Алматы қаласы бойынша "МӘСҚ" АҚ филиал өкілінің қатысуымен бірге "Азаматтарға арналған Үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының аудандық бөлімшелерімен техникалық оқыту жүргізді.
Кездесу барысында 01.01.2024 жылдан бастап зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер, сондай-ақ, электрондық іс-макеттерді қалыптастыру кезінде қайтару себептері және кері қайтарылған құжаттардың қайтарылуы себептері туралы түсініктеме берді.