«2024 жылғы 1 қаңтардан зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерінің өсуі жайлы»

«2024 жылғы 1 қаңтардан зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерінің өсуі жайлы»

Мемлекет басшысымен жарияланған жаңа әлеуметтік саясат ауқымды өзгерістердің негізгі аспектісі болып табылады. Осы жаңашылдықтар 2023 жылы 1 шілдеден күшіне енген Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) көрініс тапты.

Мемлекет басшысы «2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2023 жылғы 5 желтоқсандағы №43-VIII Заңға қол қойды, оған сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай көрсеткіштер негізінде әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде пайдаланылатын базалық көрсеткіштердің өзгеруі көзделеді:

– айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 692 теңгені құрайды;

– ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге;

– базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі (ТКД) – 43 407 теңге;

– ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;

– ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 28 215 теңге.

Осыған байланысты 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жоғарыда аталған көрсеткіштерге сәйкес әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік жәрдемақылар өсуде.

 

Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдері

Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдері 9 пайызға өседі. Бұл ретте, 2024 жылы жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 55 еселенген АЕК (203060 теңге) құрайды.

 

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі

Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне қосымша мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі (бұдан әрі – базалық зейнетақы) төленеді, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жасаған жұмыс өтілі, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі қосылады, ол жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңділігі бойынша айқындалады.

2024 жылдың қаңтарынан бастап базалық зейнетақы мөлшерін есептеу тәртібі біршама өзгерді.

Егер бұрын еңбек өтілі болмаған және 10 жылға дейін болған жағдайда, оның мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - ТКД) 60 пайызын құраса (2023 жылға дейін ТКД мөлшерінің 54% құрады), енді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл мөлшер 65 пайызға дейін көтерілді.

10 жылдан асатын әрбір толық жылға базалық зейнетақы мөлшері 2 пайызға артады, бірақ жалпы алғанда ТКД-нің 105 пайызынан аспайды (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ТКД-нің 100% -н құраған).

Мысалы, жалпы еңбек өтілі 25 жыл болған жағдайда базалық зейнетақы мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ТКД мөлшерінің 95%-ын құрайды (2023 жылы қолданыста болған нормалар бойынша 90% еді). Ал 30 жыл және одан жоғары болған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері 2024 жылғы қаңтардан бастап ТКД мөлшерінен 105% мөлшерінде есептелетін болады (немесе 45578 теңге).

Сонымен, Алматы қаласы бойынша зейнетақы төлемдерін арттыру 242 мың алушыға жүргізілетін болады, олардың орташа зейнетақы төлемі 134 мың теңгені құрайды (оның ішінде жасына байланысты зейнетақы - 93385 теңге және базалық зейнетақы - 40711 теңге).

 

Қазақстанда бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы отбасының табысына қарамастан, отбасында бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда 38 АЕК мөлшерінде тағайындалады. Сәйкесінше 2024 жылғы қаңтардан бастап 140 296 теңгені (38*3692 теңге) құрайды.

Ана мен баланы қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберінде отбасында төртінші және одан да көп бала туылғанда біржолғы жәрдемақы 63 АЕК мөлшерінде тағайындалады және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жәрдемақы 232596 теңгені құрайды (63*3692 теңге).

Ал егер егіздер (үшемдер және т.б.) туылған жағдайда әр балаға біржолғы жәрдемақысы төленеді және оның мөлшері отбасындағы балдарының туылған санына байланысты.

 

Атап өту керек, 2022 жылғы қыркүйектегі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі бала 1,5 жасқа толғанға дейін ұлғайды, оның мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

– отбасындағы бірінші балаға – 21266 теңге (5,76 АЕК);

– отбасындағы екінші балаға – 25143 теңге (6,81 АЕК);

– отбасындағы үшінші балаға – 28983 теңге (7,85 АЕК);

– отбасындағы төртінші және одан да көп балаға 32859 теңге (8,9 АЕК) құрайды.

         Аталмыш өзгеріс Алматы қаласы бойынша бала күтіміне байланысты 9018 жәрдемақы алушыларға тиесілі болмақ.

Сонымен бірге, Әлеуметтік кодекстің 85 бабына сәйкес жұмыс істейтін аналарға бір жарым жасқа дейін бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері бала туу кезектілігіне байланысты күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерінен кем болуы мүмкін емес.

Анықтама үшін: Алматы қаласында бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алушылардың саны 43401 адам, олардың орташа мөлшері 70121 теңгені (БЖЗҚ  МЗЖ сомасын ескеріп) құрайды.

 

Күтім жасайтын адамдарға берілетін жәрдемақы.

Мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға)  мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы тағайындалады.

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы мөлшері  республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруіне ескере отырып, төленеді және ол 2024 жылғы қаңтардан бастап ТКД-нің 1,61 құрайды (немесе 69886 теңге).

Сондай-ақ, 2024 жылғы қаңтардан бастап бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін жәрдемақы (яғни 18 жастан асқан) ТКД-нің 1,61 құрайды (немесе 69886 теңге).

 

Әлеуметтік кодекске сәйкес 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Республикалық бюджеттен "Алтын алқа" алқасымен, "Батыр ана" атағы бар, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға төленетін жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін көтерілген еді, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 27321 теңгені құрайды.

Өз кезегінде "Күміс алқа" алқасымен марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 2024 жылдың қаңтарынан 23629 теңгені (6,4 АЕК) құрайды.

         Алматы қаласы бойынша осы өзгерістерге марапаты мен атағын алған 5544  аналарымыз ие болады.

 

Бұдан басқа, төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін АЕК мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді және тиісінше 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мыналарды құрайды:

– төрт балаға      – 59 183 тг (16,03 АЕК);

– бес балаға        – 73 988 тг (20,04 АЕК);

– алты балаға     – 88 793 тг (24,05 АЕК);

– жеті балаға      – 103 598 тг (28,06 АЕК);

– сегізінші және одан да көп балаға – әр балаға 14 768 теңгеден (4 АЕК-ен) (немесе барлығы 118 144 теңге). Бұл өзгерістер төрт және одан көп баласы бар көп балалы 32310 отбасыларға тиесілі болмақ.

 

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ТКД өсуіне байланысты, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын және түзеу мекемелеріндегі тұлғалар үшін Кодекстің 177 және 236 баптарында көзделген мөлшерлерде белгіленеді.

Алматы қаласы бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын 39384 алушы және асыраушысына айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын 13553 алушы өзгерістерге ие болады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар оларды алушылардың әртүрлі санаттары бөлінісінде мынадай мөл­шерде төленеді:

1) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға;

  • жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 69886 теңге (1,61 ТКД);
  • бірінші топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 95496 теңге (2,20 ТКД);
  • екінші топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 79435 теңге (1,83 ТКД);
  • үшінші топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 69886 теңге (1,61 ТКД);
  • бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 95496 теңге (2,20 ТКД);
  • бала кезінен екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 79435 теңге (1,83 ТКД);
  • бала кезінен үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 69886 теңге (1,61 ТКД).

 

Мысалы: жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін анасына (немесе әкесіне) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайынғы алатын жалпы жәрдемақылар төлемі 139 772 теңгені құрайтын болады (оның ішінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 69886 теңге және мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін анасына (немесе әкесіне) төленетін жәрдемақы мөлшері 69886 теңге).

Ал егер, ата-ана 1-топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырса, онда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайынғы алатын жалпы жәрдемақылар төлемі 165 382 теңгені құрайтын болады (оның ішінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 95496 теңге және мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін анасына (немесе әкесіне) төленетін жәрдемақы мөлшері 69886 теңге).

Сондай-ақ, ата-ана 2-топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырса, онда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайынғы алатын жалпы жәрдемақы төлемі 149 321 теңгені құрайды (оның ішінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 79435 теңге және мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін анасына (немесе әкесіне) төленетін жәрдемақы мөлшері 69886 теңге).

2) жалпы ауруға шалдығудан, жұмыста мертігуден, кәсіптік ауруға шалдығудан болған мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ мүгедектігі әскери қызметтегі міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін (қызметтік міндеттерін) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертігу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауруға шалдығу салдарынан болған кезде әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басшы және қатардағы құрамының адамдары арасынан шыққан мүгедектігі бар адамдар:

  • бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 95496 теңге (2,20 ТКД);
  • екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 76397 теңге (1,76 ТКД);
  • үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 52089 теңге (1,20 ТКД) мөлшерлерінде тағайындалады:

3) мүгедектігі әскери қызметін өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан болған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қатарынан мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі авариялардың зардаптарын жою кезінде не ядролық объектілердегі авариялық жағдайлардың салдарынан болған адамдар, және себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан және/немесе олардың зардаптарынан болған мүгедектігі бар адамдарға;

  • бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 139771 тг (3,22 ТКД);
  • екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 119370 тг (2,75 ТКД);
  • үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 100271 тг (2,31 ТКД) мөлшерлерінде тағайындалады.

4) мүгедектігі әскери қызметті, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан болған әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қызметтік міндеттерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері арасынан шыққан мүгедектігі бар адамдарға;

  • бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 171024 тг (3,94 ТКД);
  • екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 131958 тг (3,04 ТКД);
  • үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 100271 тг (2,31 ТКД) мөлшерлерінде тағайындалады.

 

Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдар мүгедектігін белгілеу күніне міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса (МӘСҚ жұмыс берушімен міндетті әлеуметтік аударымдар жүргізілсе) жәрдемақыға қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүргізіледі.

Анықтама үшін: еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы және жұмысынан айырылу жағдайы бойынша жұмыс істейтін азамтарды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстанда жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың екінші деңгейі ретінде 2005 жылдан еңгізілген. Бүгінгі күнде меншік формасына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар МӘСҚ өздерінің жұмысшылары үшін төленетін әлеуметтік салық сомасы есебінен жалақы қорынан 3,5 пайыз әлеуметтік аударымдар жасайды.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 925 «МӘСҚ әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» қаулысына сәйкес еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан 7 пайызға өседі.

2023 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша Алматы қаласында еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар саны 7102 адам, орташа мөлшері 46681 теңге болып отыр.

Бұл ретте, МӘСҚ-н төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері жекелей және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі қатысу өтілі, еңбекке қабілеттіліктен айырылу, табысын жабу коэффициенттері және соңғы 2 жылда МӘСҚ әлеуметтік аударымдары жасалған орта айлық табысына байланысты.

Мысал ретінде қарастыратын болсақ, 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар егер қосымша еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алса, онда 2024 жылғы қаңтардан бастап 7 пайызға өсіп, ай-сайыңғы жалпы төлемдері сомасы орташа 126345 теңге құрайтын болады (оның ішінде мемлекеттік жәрдемақы 76397 теңге және әлеуметтік төлем орташа есеппен 49948 теңге).

 

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері ең төменгі күкөріс деңгейі (43407 теңге) өсуіне байланысты 2024 жылғы қаңтардан бастап ұлғаяды. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері қайтыс болған адамның отбасындағы еңбекке қабілетсіз мүшелер санына, қайтыс болу себебіне және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақының мөлшері:

  • отбасының еңбекке қабілетсіз бір мүшесі болған кезде – 39935 теңге (ТКД 0,92);
  • екі еңбекке қабілетсіз мүшесі болған кезде – 73792 теңге (ТКД 1,70);
  • үш еңбекке қабілетсіз мүшесі болған кезде – 97666 теңге (ТКД 1,85);
  • төрт еңбекке қабілетсіз мүшесі болған кезде – 112859 теңге (ТКД 1,96);
  • бес еңбекке қабілетсіз мүшесі болған кезде – 119370 теңге (ТКД 2,03) тағайындалады;
  • отбасының еңбекке қабілетсіз алты және одан да көп мүшесі болған кезде жәрдемақының мөлшері әрқайсысына (130221 теңге) 3,00 ТКД-нен тең үлесі ретінде есептеледі;
  • ата-анасының екеуінен де айырылған жағдайда жетім балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы әрбір балаға 66847 теңге (1,54 ТКД) мөлшерінде, отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелеріне – 26913 теңге (0,62 ТКД) мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке қабілетсіз барлық мүшелеріне 2,92 ТКД (126749 теңгеден) аспайтын мөлшерде тағайындалады.

 

Егер, қайтыс болған асыраушысы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болған жағдайда (жұмыс берушімен оған МӘСҚ әлеуметтік аударымдар жүргізілген болса), асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақыға қосымша, МӘСҚ-дан асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем беріледі.

2023 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша Алматы қаласында асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемі 4493 адамды құрайды, орташа мөлшері 51663 теңге.

МӘСҚ төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері жекелей және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі қатысу өтілі, еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелерінің, табысын жабу коэффициенттері және соңғы 2 жылда МӘСҚ әлеуметтік аударымдары жасалған орта айлық табысына байланысты болмақ.

Мысалы, отбасының еңбекке қабілетсіз 2 мүшесі болған кезде, қосымша асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алса (7 пайызға өсуді ескере отырып), 2024 жылғы қаңтардан бастап, төлемнің жалпы сомасы орташа 129071 теңгені құрайды (оның ішінде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақыға 73792 теңге және МӘСҚ-дан асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем 55279 теңге).

«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес 2024 жылға АЕК мөлшері 3692 теңгеге белгіленді, тиісінше 2024 жылдың 1 қаңтарынан  №1 тізім бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 34779 теңгені (9,42 АЕК) және №2 тізім бойынша30939  теңгені (8,38 АЕК) құрайды.

 

Сонымен қатар, зейнетақы немесе мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемін алушылары қайтыс болған жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асыртаны адамға жерлеуге төленетін біржолғы төлем 35 АЕК мөлшерінде, яғни 2024 жылы 129220 теңгені құрайтын болады.

ҰОС ардагері болған жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болса, оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асыратын адамға жерлеуге  төленетін біржолғы төлем 36,6 АЕК мөлшерінде, яғни 2024 жылы 135128 теңгені құрайтын болады.

 

Жалпы зейнетақы төлемдерінен және мемлекеттік жәрдемақыларға қарамастан, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы АЕК мөлшерінде есептеледі.

2024 жылғы 1 қаңтардан әр түрлі санаттағы алушылар бөлігінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы келесі мөлшерлерде төленетін болады:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне59072 теңге (16 АЕК);

2) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында санамаланған басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 22854 теңге (6,19 АЕК) ;

3) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 6), 7) және 8) тармақшаларында санамаланған басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 17722 теңге (4,8 АЕК);

4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға – 22854 теңге (6,19 АЕК);

5) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға – 27875 теңге (7,55 АЕК);

6) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне – 16541 теңге (4,48 АЕК); 

7) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; бейбіт уақытта әскери қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына; Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруының салдарынан қайтыс болған адамдардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты қайтыс болған азаматтардың отбасыларына – 16947 теңге (4,59 АЕК);

8) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 9452 теңге (2,56 АЕК);

9) Кеңес Одағының батырларына, "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған адамдарға – 511822 теңге (138,63 АЕК);

10) Социалистік Еңбек ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға – 511822 теңге (138,63 АЕК);

11) "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға – 511822 теңге (138,63 АЕК);

12) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген), мемлекеттік наградалармен наградталмаған адамдарға - 7864 теңге (2,13 АЕК);

13) 1988–1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға – 17722 теңге (4,8 АЕК);

14) осы Кодекстің 177-бабының 8-тармағында көзделген жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға – 6314 теңге (1,71 АЕК);

15) осы Кодекстің 177-бабының 8-тармағында көзделген жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2733 теңге (0,74 АЕК);

16) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын мүгедектігі бар жеті жасқа дейінгі балаларға – 4062 теңге (1,10 АЕК);

17) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі:

      бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар балаларға – 6314 теңге (1,71 АЕК);

      үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 4062 теңге (1,10 АЕК);

18) саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға – 4542 теңге (1,23 АЕК;

19) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға – 4542 теңге (1,23 АЕК) мөлшерінде тағайындалады.

 

Бүгінгі таңда Алматы қаласының барлық 360 мың зейнетақы және әлеуметтік төлем алушыларына, 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде зейнетақы мен жәрдемақыларды арттыру толық аяқталды, қандай да бір құжаттарды ұсыну талап етілмейді.