2023 жылғы 21 желтоқсанда Мемлекет басшысы 01.01.2024ж. бастап қолданысқа енгізілетін шахтерлер мен зиянды еңбек жағдайларына тартылған басқа да жұмысшыларға арнайы төлемдер көздейтін Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Департамент қауіпті және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қала кәсіпорындары мен ұйымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында «Буран Бойлер» ЖШС ұжымымен Заңның жоғарыда аталған нормаларын түсіндіру үшін кездесу өткізілді.
Департаменттің орынбасары Р.М.Дараева және бөлім басшысы А.М.Айнабеков қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берді.