
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақымен әлеуметтік төлемдерді, жәрдемақыларды арттыру туралы ақпаратына сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге мөлшерінде;
Ең төменгі зейнетақы - 57 853 теңге;
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) - 43 407 теңге;
Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге.
Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді қайта есептеуді уақтылы қамтамасыз ету мақсатында мынадай параметрлерді ұстану қажет.
1.Жасы және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 9 % - ға арттырылды
Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 65 пайызы (60 пайыздың орнына) мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.
№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар,
жерлеуге біржолғы төлем,
бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы,
ай сайынғы бала біржарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы,
бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы.