Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Ардақ Мүбаракқызы Шамиева Әлеуметтік қызметтер үйінде «Аманат» Партиясының Алматы қалалық филиалының Р.Амирбековамен және бір топ зейнеткерлермен әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қарастыру мақсатында өткізілген дөңгелек үстелге қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қойылған сұрақтарға Әлеуметтік кодекстегі зейнетақы және әлеуметтік төлемдерге қатысты толықтай түсініктемелер берді.