Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің №2 МӘС бөлімі медициналық –әлеуметтік сараптамаға сапасыз жолдамалардың санын азайту мақсатында 29.09.2023 ж Алмалы ауданының қалалық ҰОС ардагерлері емханасында жиналыс өткізді. Жиналыс барысында медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау негіздері № 260, 286 бұйрықтар бойынша толығымен ақпарат берілді. Сараптама жүйесіне қабылданбай, кері қайтарылған кемшіліктер талқыланды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жүйелі түрде жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.