2023 жылғы 20 қыркүйекте Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілі «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының» Алматы қаласы бойынша филиалының Жетісу аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі аясында зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру» тақырыбына байланысты болып өткен «Ашық есік күніне» қатысты.
Іс-шараға: Алматы қаласының «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ; Алматы қаласы бойынша «Бірынғай жинақтау зейнетақы қоры»; «Алматы қаласының Еңбек мобильді орталығы» өкілдері қатысты.
Департамент өкілі азаматтарды қабылдап, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер туралы түсініктемелер беріп, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берді.