Ағымдағы жылдың 7 маусымында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Ж. Ж. Бергенов Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған «Ұрпақтар сабақтастығы аясында мемлекеттік қызмет ардагерлерінің жастармен кездесуі» іс-шарасына қатысты. Бұл кездесудің мақсаты ардагерлер жас мамандарға ақыл-кеңестерін айтып, өздерінің тәжірибесімен бөлісуі.