Дәрігерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Дәрігерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі «Максат Мед» клиникасының дәрігерлерімен және ДКК төрағасымен жиналыс жүргізді.

Жиналыс  барысында сырттай-проактивты  сараптама сұрақтары  кеңінен  талқыланды. Дәрігерлер  тарапынан  қойылған сауалдарға  бөлім  басшысы  Ниязбекова Р.С заң аясында  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізді.

 Сонымен қатар, ДКК төрағасына МӘС-ке  негізсіз  жолдамалардың  санын  азайту  максатында қадағалау  жумыстарына назар аудару  тапсырылды.