Өз кезегінде Назгүл Сағындықова мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты

Өз кезегінде Назгүл Сағындықова мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты.
«Әлеуметтік кодекс шеңберінде 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мен жәрдемақылардың мөлшері орта есеппен 14,5% - ға ұлғайтылатын болады», – деді Н.Сағындықова.
Вице-министр 2023 жылға арналған республикалық бюджетте мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеуге 379 млрд теңге, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға жәрдемақы мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға – 71,7 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыға – 113,8 млрд теңге көзделгенін атап өтті. Жалпы, 1 шілдеден бастап төлемдер мөлшерін ұлғайтуға республикалық бюджеттен қосымша 41 млрд теңге бөлінді.