«Open medical channel» клиникасымен  жиналыс  өткізілді

«Open medical channel» клиникасымен  жиналыс  өткізілді

18.04.2023жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитетінің Алматы  қаласы  бойынша  Департаментінің  №2 медициналық-әлеуметтік сарапатама бөлімі «Open medical channel» клиникасының бас дәрігері Маниченко Е.Ю. ДӘҚ төрағасы  және  жалпы тәжірибелік дәрігерлер қатысуымен  жиналыс   өткізді. 

  Жиналыс   мақсаты   №204  14.06.2021 жылғы «Проактивті сырттай  куәландыру жобасын жүзеге асыру туралы » бірлескен  бұйрығына  енгізілген  қосымшаларымен  толықтай  таныстыру.

Осы мақсатта  бөлім  басшысы Ниязбекова Р.С  сырттай- проактивті  жолдауға  жататын  нозологиялық формаларға назар  аударып, дәрігерлердің   қойған сұрақтарына  заңнамаға сәйкес толықтай  жауап  берді.  Жиналыс соңында ДӘҚ төрағасына сырттай  сараптамаға  жолдау  жұмысын  қатаң бақылау  тапсырылды.