Ана мен баланы мемлекеттік қолдау туралы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап

Ана мен баланы мемлекеттік қолдау туралы  2023 жылғы 1 қаңтардан бастап

Ана мен баланы қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберінде Қазақстанда мемлекеттік төлемдер түріндегі бірқатар шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін ұлғайтуды тапсырды. 2023 жылғы қаңтардан бастап бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі бала 1,5 жасқа толғанға дейін ұлғайды (бұрын бір жасқа дейін төленген) және ол 8,5%-ға өсуді ескере отырып, мынаны құрайды:

отбасындағы 1-ші балаға-19872 тг (5,76 АЕК);

отбасындағы 2-ші балаға - 23495 тг (6,81 АЕК):

отбасындағы 3-ші балаға - 27083 теңге (7,85 АЕК);

отбасындағы 4-ші және одан да көп балаға - 30705 тг (8,9 АЕК).

 

Жұмыс істейтін аналарға бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем, ағымдағы жылдан бастап МӘСҚ-нан бала бір жарым жасқа толғанға дейін де төленеді.

Анықтама: әлеуметтік төлем мөлшері бала туылғанға дейінгі соңғы 24 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыстың 40% құрайды.

Сонымен қатар, отбасының табысына қарамастан, отбасында бірінші, екінші және үшінші бала туған кезде 131100 теңге (38 АЕК) төленеді.

Отбасында төртінші және одан да көп бала тууға 63 АЕК мөлшерінде тағайындалады және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 217350 теңгені құрады.

Егіздер (үшемдер және т.б.) туылған кезде әр балаға біржолғы туу жәрдемақысы төленеді және оның мөлшері туу тәртібіне байланысты.

Мемлекеттік қолдау шеңберінде 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақылар төленеді, олардың мөлшері 2023 жылғы қаңтардан бастап:

төрт балаға - 55 304 тг (16,03 АЕК);

бес балаға - 69 138 теңге (20,04 АЕК);

алты балаға - 82 973 тг (24,05 АЕК);

жеті балаға - 96 807 теңге (28,06 АЕК);

сегіз балаға және одан асқан әр балаға 13800 теңгеден (немесе 4 АЕК-тен).

 

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға жәрдемақы мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 22 080 теңгені (6,4 АЕК) құрады.

Бұдан басқа, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға төмеңгі күнкөріс деңгейін 1,4 мөлшерінде төленеді. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап аталған жәрдемақы мөлшері 56794 теңгені құрады.

Бала кезінен (яғни 18 жастан асқан) 1-топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға берілетін жәрдемақылар да 2023 жылғы қаңтардан бастап 56794 теңгені (ЖМ-ден 1,4) құрады. Яғни, балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударылады.

2024 жылдан бастап балалардың 18 жасқа толғанға дейінгі арнайы жинақтау шоттарына Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% аудару көзделген.

Сондай-ақ, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақылардың мөлшерін саралау жоспарлануда.