2023 жылдың 28 ақпанында Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру №4 бөлімінің бас маманы А.М.Нұрғалиеваның қатысуымен және Алматы қаласы бойынша "МӘСҚ" АҚ филиалының өкілімен бірге "Азаматтарға арналған Үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының Әуезов аудандық, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде мамандарға оқыту жүргізілді.
Күн тәртібінде:
"Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ,жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды,мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы;
"Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына енгізілген өзгерістер туралы;
"Ардагерлер туралы" ҚР Заңына еңгізілген өзгерістерге түсіндірмелер жүргізілді. Көрсетілген заңнамаларға енгізілген өзгерістер бойынша туындаған сұрақтарға жауап берілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау туралы немесе болдырмауға әрекет жасау бойынша оқыту жүргізді.
Сонымен қатар, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау барысында Департаментпен кері қайтарылған электрондық іс-макеттер бойынша талдау жүргізілді, қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жауап берілді.