Көшпелі Кездесу

Көшпелі Кездесу

   2023 жылғы 7 ақпанда ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ө.Б. Алшынбаева Алматы қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің ұжымымен көшпелі кездесу өткізді.

Кездесу бағдарламасы бірнеше іс-шаралардан тұрды:

  1. Азаматтары мен Департаменттің мемлекеттік қызметшілерін жеке қабылдау өткізілді;
  2. «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау туралы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы" тақырыбында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тақырыбы бойынша бейнероликтер мен көрнекі материалдар-слайдтарды қолдана отырып, семинар өткізді.
  3. ҚР заңнамасының қолданыстағы нормаларын білуге арналған " Kahoot " онлайн платформасы арқылы ойын ұйымдастырылды;
  4. онлайн анонимді сауалнама жүргізілді.

 Сондай-ақ, Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Р.М. Дараева ұжым алдында 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді..

  Қорытындылай келе, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ө. Б. Алшынбаева корпоративтік рухты жақсарту үшін іс-шаралар өткізу жөнінде ұсыныстар берді.