«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының Алмалы аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде техникалық оқыту өткізілді

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының Алмалы аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде техникалық оқыту өткізілді

    2023 жылы 31 қаңтарында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысының орынбасары  Р.М. Дараева мен №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы М.Е. Сәдуақасованың қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы мен Алмалы аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінде техникалық оқыту өткізілді.

     Техникалық оқытудың тақырыбы зейнетақы және жәрдемақы тағайындау тәртібі, кері қайтарылған іс макеттері бойынша және  электрондық іс макеттерін дұрыс қалыптастыру туралы болды. Сонымен қатар құжатарды қабылдау тәртібі туралы, құжаттарды қабылдаудан бас тарту себептеріне қатысты мәселелер талқыланды. Барлық сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндіру сипатында жауап берілді.