2023 жылдың 1 қаңтарынан балалы отбасыларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері туралы

2023 жылдың 1 қаңтарынан балалы отбасыларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері  туралы

       Мемлекеттік бюджеттің тарапынан бала туғанда берілетін бірреттік төленетін жәрдемақының 1 қаңтар 2023 жылы бойынша бірінші, екінші және үшінші баланы туғанда берілетін жәрдемақы көлемі 131 100 теңгені құрайды, ал төртінші және одан да көп бала туғанда 217 350 теңге беріледі.

       Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы екi және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берiлетiн жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.

       Бала 1,5 жасқа толғанға дейінгі ай сайын төленетін жәрдемақының көлемі :

1 -ші балаға - 19 872 теңге;

2 -ші балаға - 23 495 теңге;

3 -ші балаға- 27 083 теңге;

4   және одан көп балаға 30 705 теңгені құрайды теңгеге дейін жетеді.

      Сондай -ақ, Алтын және Күміс алқа немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға ай сайын 22 080 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді.

      Және де бір жәрдемақының түрі ол көпбалалы отбасыларға төленетін арнайы жәрдемақы. Аталған жәрдемақы төрт және оданда көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасыға арналған. 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері артты.  Яғни бала санына қарай төленеді:

4   баласы бар отбасына - 55 304 теңге;

5   баласы бар отбасына – 69 138 теңге;

6   баласы бар отбасына – 82 973 теңге;

7   баласы бар отбасына – 96 807 теңге;

8   баласы және одан көп баласы бар отбасыларға әрбір балаға 4 айлық есептік көрсеткіш;

          Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының көлемі 56 794 теңгені құрайды.