"Жұмыс берушілер есебінен қосымша зейнетақы жарналарын енгізу"

"Жұмыс берушілер есебінен қосымша зейнетақы жарналарын енгізу"

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің жобасында зейнетақы  жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар топтамасы ұсынылды.

Соның бірі жұмыс берушілер есебінен қосымша зейнетақы жарналарын кезең-кезеңімен енгізу болып табылады, 2023 жылы 1,5 %-дан 2027 жылға қарай 5 %-ға дейін.

Осылайша, мемлекет, жұмыс беруші жəне қызметкердің өзі қазіргі жас ұрпақты зейнетақымен қамтамасыз етуге жауапты болады. Бұл əлемдік тəжірибе, сондай-ақ жұмыс берушінің əлеуметтік жауапкершілігі.

Бұл шара зейнетақысының мөлшері зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болатын азаматтарды (1975 жылдан кейін туған) қолдауға мүмкіндік береді. Олардың зейнетақысы үш компоненттен тұрады: мемлекеттен базалық зейнетақы, өз аударымдары есебінен жинақтаушы зейнетақы жəне жұмыс берушілер жарналары есебінен құралған шартты-жинақтаушы зейнетақы.

Зейнетақының жаңа шартты-жинақтаушы компонентінің екеуінен артықшылығы: ол жинақтаушы жүйе сияқты аудару кезеңін, аударымдардың жиынтық көлемін бекітеді, бұл ретте ынтымақты жүйедегідей келіп түскен қаражат 1975 жылдан кейін туған жəне зейнеткерлік жасқа жеткендердің зейнетақы төлеміне бағытталатын болады. Бұл жүйеден зейнетақы өмір бойы төленетін болады.