"Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының Алмалы және Медеу аудандық филиалдарында оқыту өткізілді

"Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы"  КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының Алмалы және Медеу аудандық филиалдарында оқыту өткізілді

2022 жылдың 16 қыркүйегінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы К.К Бимурзаеваның және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» Алматы қаласы бойынша филиалының өкілдерінің қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алмалы және Медеу аудандық бөлімшелерінде әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасына еңгізілген өзгертулер мен толықтыру бойынша оқыту өткізілді.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін, Президенттінің  01.09.2022 жылғы жолдауын іске асыру мәселелері бойынша, сонымен қатар  және Цифрлық отбасы картасы, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы туралы", "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидалары  туралы" заңдарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Көрсетілген заңнамаларға енгізілген өзгерістер бойынша туындаған сұрақтарға жауап берілді.

 Сонымен қатар, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау барысында Департаментпен кері қайтарылған электрондық іс-макеттер бойынша талдау жүргізілді.