"Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі"

"Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі"

Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік органдар арасында Instagram парақшасында тікелей эфирінде "Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жәрмеңке" өткізді, оған Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қатысты.

Департаменттің сөз сөйлеуі барысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 01.09.2022 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы бойынша мәселелер қозғалды, сондай-ақ әйелдердің зейнеткерлік жасына қатысты зейнетақы заңнамасына жоспарланған өзгерістер, зейнетақы төлемдерін ұлғайту және бала күтімі бойынша кезеңді ұзарту туралы айтылды.