Сырттай куаландыруды жақсарту барысында Алматы қаласы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің №1 МӘС бөлімі №18 ҚЕ дәрігерлерімен 031/у формасын «медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау» толтыру кезіндегі ТСР сауалнама сұрақтары бойынша жиналыс өткізді. Жеке оңалту бағдарламасының әлеуметтік бөлімін әзірлеу кезіндегі көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштердің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 28.02.2022 ж №77 бұйрығының өзгертулеріне сәйкес нақты жағдайлары айтылып, гигиеналық құралдар, жасы, салмағы, бел өлшемі және зәр шығарудың бұзылу дәрежесі және арнайы қозғалыс құралдырының көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері жайлы айтылды. Сондай-ақ ТСР сауалнаманың болмауынан қабылданбаған 031/у ф жағдайлары айтылды.