Мүгедектікті сырттай куәландыру

Мүгедектікті сырттай куәландыру

2021 жылғы ақпан айнда ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ Қызмет көрсетушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.
Осы тапсырманы іске асыру аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, 2021 жылдың қараша айынан бастап пилоттық режимде 12 нозология( аурулар) бойынша Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша жоба іске қосылды.
Алматы қаласында пилоттық жоба енгізілгеннен бастап 7 (жеті) медициналық ұйым қосылды, бүгінгі таңда бұл жобаға барлық 39 мемлекеттік медициналық ұйым мен 31 жеке медициналық орталық кірді.
Жоба ерекше қажеттіліктері бар адамдарға енді медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне барудың қажеті жоқ дегенді білдіреді. Мүгедектік тобын беру туралы шешімді елдің үш түрлі өңірінің МӘС сарапшылары қабылдайды (өтінімдерді бөлу автоматты режимде жүргізіледі).
Мүгедектік тобын анықтау бойынша қызмет алу үшін өтініш беруші тек тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексерулерден өтуі қажет, ал қалған процестер оның қатысуынсыз ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау есебінен өтеді.
Ағымдағы жылдың басынан бері Алматы қаласында 2515 адам мүгедектікті сырттай белгілеу бойынша осы қызметті алды.
Бұдан әрі сырттай куәландыруға қатысатын нозологиялар тізбесін кеңейту жоспарлануда, демек көрсетілетін қызметті алушылар санының көпшілігі үшін мүгедектікті белгілеу рәсімі жеңілдетіледі.