2022 жылғы 28 сәуірде Алматы қаласының Еңбек,әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Д. Бердібаева мен медициналық әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Р. Қасымова «Almaty» телеарнасының тікелей эфирінде «Басты назарда» бағдарламасына қатысып, «Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы» тақырыбында сұхбат берді. Хабарға сонымен қатар онлайн байланыс арқылы Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Ғ. Құлахметов қосылып, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарына қатысты өзекті пробелмалар мен заңнамалық өзгерістер бойынша әңгімеледі.
Эфир барысында мүгедектікті белгілеу, республикалық бюджеттен берілетін жәрдемақыларды тағайындау және көрсетілетін өзге де жеңілдіктерге қатысты мәселелер талқыланды.