
Мемлекеттік кепілдік – инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем.
Егер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (бұдан әрі – БЖЗҚ) зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан көп немесе тең болған жағдайда, айырма төлемі жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады;
Егер БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан аз болған жағдайда, Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасының есебін жүргізеді.
1-жағдай:
инфляция деңгейін ескере отырып, енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы – 2 547 905 теңгені құрады.
міндетті зейнетақы жарналары бойынша БЖЗҚ – дағы зейнетақы жинақтарының сомасы - 2 754 158 тг.
Бұл жағдайда жинақ сомасы енгізілген сомадан артық, яғни уәкілетті орган мемлекеттік кепілдікті төлеуден бас тарту туралы шешім шығарады.
2-жағдай:
инфляция деңгейін ескере отырып, енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы - 4 943 315 теңгені құрады.
міндетті зейнетақы жарналары бойынша БЖЗҚ – дағы зейнетақы жинақтарының сомасы - 4 598 558 тг.
Сомалар арасындағы айырма – 344 758 тг. (бұл енгізілген жинақ сомасынан аз)
Бұл жағдайда 344 758 теңге мөлшерінде мемлекеттік кепілдік тағайындау туралы шешім шығарылады.
Тиісті кезеңдегі инфляция деңгейі тұтастай ел бойынша статистика жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған деректеріне сәйкес қабылданады.
Зейнеткерлік жасқа толған және бұл ретте зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдарға мемлекеттік кепілдікті төлеу жөніндегі айырма «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті қағидат арқылы өтініш берусіз тағайындалады.
Айырма төлеміне құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда айырма төлемінің сомасы мұрагерге Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.