Санаторлық-курорттық емдеу үшін ОЖБ әзірлеуге негіздер.

Санаторлық-курорттық емдеу үшін ОЖБ әзірлеуге негіздер.

Қазақстан Республикасының Денсаулық  сақтау және әлеметтік даму  министрінің  2015жылдың 30- қаңтардағы №44  бұйрығына сай  «Медициналық әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары» және 2015жылдың 22 қаңтардағы №26  «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы»  медициналық  әлеуметтік сараптама жүргізіледі.

Сол қағидаларға сәйкес, медициналық көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер негізінде оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіби  бөлігі әзірленеді.

Мүгедектерді санаториялық-курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады:

  1. Жіті сатысындағы барлық аурулар, асқыну сатысындағы және (немесе) жіті іріңді процестермен асқынған созылмалы, сондай-ақ стационарлық емделуді қажет ететін, оның ішінде хирургиялық араласуды талап ететін барлық аурулар.
  2. Оқшаулау мерзімі аяқталғанға дейінгі инфекциялық аурулар.
  3. Жіті және жұқпалы түрдегі барлық венерологиялық аурулар.
  4. Қатерлі жаңа өскіндер.
  5. Аурулар өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, ұдайы күтімді қажет ететін (көру ағзасының аурулары бар адамдарға арналған, омыртқа жұлыны ауыратын науқастарға арналған мамандандырылған санаторийлерде емделуге тиіс адамдардан басқа) барлық аурулар.
  6. Психикалық аурулар. Нашақорлық пен созылмалы маскүнемдіктің барлық түрлері.
  7. Құрысу талмалары және олардың эквиваленті, ақыл-ес кемістігі, мінез-құлықтың және әлеуметтік бейімделуінің айқын байқалатын бұзылыстары бар адамның патологиялық дамуы.
  8. Синкопалдық жай-күйі.
  9. Кез келген жерде шоғырланған эхинококкоз.
  10. Әртүрлі жағдайда жиі қайталанатын немесе көп қан кетулер.
  11. Акушерлік паталогия бар болса барлық кезеңдегі жүктілік немесе 18 аптадан бастап қалыпты жүктілік (санаторий-курорттық емделуге жіберу сәтінде).
  12. Туберкулездің белсенді кезеңіндегі барлық формалары (туберкулездік емес профильдегі курорттар мен санаторийлер үшін).
  13. Кез келген текті кахексия.

 

Жоғарыда айтылғандардың негізінде оңалтудың жеке бағдарламасын медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мамандары медициналық қарсы көрсетілімдер негізінде әзірлемейді.