Зейнетақы мен жәрдемақыны төтенше жағдай кезінде тағайындау.

Зейнетақы мен жәрдемақыны төтенше жағдай кезінде тағайындау.

5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты «Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін негіздер 2022 жылғы 1 қаңтардан немесе төтенше жағдай кезеңінде басталған жағдайда, көрсетілген кезеңде өтініш бермеген өтініш беруші төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде көрсетілген төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш бере алады.

Бұл ретте, көрсетілген төлемдерді тағайындау 2022 жылғы 1 қаңтардан ерте емес немесе төтенше жағдай кезеңінде басталған тағайындау үшін негіздер туындаған күннен бастап жүзеге асырылады».