Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті хабарлайды.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті хабарлайды.

 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурызындағы № 109 бұйрығымен бекітілген «Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын қамтамасыз ету қағидаларына» және Министрліктің енгіздірілген бұйрығы жөнінде 2022 жылдың 06 қаңтарындағы №2 өзгерістерге сәйкес, Алматы қаласы аумағындағы төтенше жағдай кезінде мүгедектік мерзімін, еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін, кәсіптік қабілетінен айырылу дәрежесін, оңалтудың жеке бағдарламасын автоматты түрде ұзарту жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда осы механизм бойынша Алматы қаласында 2028 азаматтың мүгедектік мерзімі ұзартылуға жатады.

Қайта куәландырудан өтпеген, қайта куәландыру күні ағымдағы жылдың 05 желтоқсаннан 19-шы қаңтарға дейін келетін барлық адамдарға бұрынғы мүгедектік тобы бойынша төтенше жағдай кезеңде, мүгедектік мерзімдерін автоматты түрде ұзарту жүргізілетін болады.

Төтенше жағдай кезеңі аяқталғаннан кейін, жоғарыда көрсетілген адамдар ( 2028 адам), қайта куәландырудан өтетін адамдар емханалардың ДКК төрағаларының жолдамасымен аумақтық МӘС бөліміне жіберіледі және есептеу мерзімі  Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес болады.