2022 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдері артты

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдері артты

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық зейнеткерлерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері  алынатын мөлшерден 7% ға арттырылды. Бұл ретте, зейнетақының ең төменгі мөлшері 46 302 теңгені құрайды.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты арттырылды, бұл ретте ең төменгі мөлшері 19 450 теңгені, ең жоғары мөлшері - 36 018 теңгені құрайды.

Ең төменгі базалық зейнетақы алушылар зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз немесе өтілі мүлде жоқ зейнеткерлер, ал базалық зейнетақы алушылар зейнетақы жүйесіне қатысудың ең жоғары өтілі 33 жыл және одан көп болатын зейнеткерлер болып табылады.

2022 жылы зейнетақының ең төменгі мөлшері базалық зейнетақымен бірге 65 752 теңгені, ал орташа мөлшері - 105 842 теңгені құрайды.

Өткен жылдың желтоқсан айында Департаментпен Алматы қаласының жасына байланысты және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алатын 230 мыңнан аса зейнеткердің зейнетақылары қайта қаралды. Зейнетақыны толық көлемде төлеу үшін қажетті қаражат республикалық бюджетте қарастырылған және ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қаласының барлық зейнеткерлері ұлғайған мөлшерде зейнетақы алады.