Зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшері артты

Зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшері артты

2022 жылғы 12 қаңтарда Алматы қаласының Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің № 1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Д. Бердібаева «Talim TV» арнасының тікелей эфирінде өткен «Маңызды мәселе» хабарына қатысты.  Хабарға сондай-ақ Алмалы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары Қ. Сейтбеков те шақыртылды. Қатысушылар зейнетақылар мен жәрдемақыларды ресімдеу, тағайындау және тағайындалған төлемдердің арттырылған мөлшерлері бойынша сұқбат беріп, еліміздің өзге өңірлеріндегі көрермендерден келіп түскен сұрақтарға жауап берді.